USD442.05EUR474.14RUB4.74

Облыс әкімі алматылық ардагерлерді қабылдады

08 тамыз 2022, 19:13
Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев алматылық бір топ ардагерлерді қабылдап, Абай облысының құрылуына байланысты арнайы келген өнерпаздар ұжымына шынайы алғысы мен ризашылығын білдірді.
Облыс әкімі алматылық ардагерлерді қабылдады

Елу адамнан тұратын өнер ұжымының мақсаты – Ұлы Абай елінің қуанышын бөлісіп, бабалар рухына тағзым ету.

Айта кетейік, кеше алматылық қонақтар Ұлылар мекеніне сапар шегіп, тарихи орындармен танысты. Сапар соңында Абай ауданының мәдениет үйінде өнер ұжымы, жергілікті тұрғындарға арнап концерттік бағдарламасын ұсынып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп қайтты.

Семейдің тарихи-мәдени ошақтарымен танысқан өнерпаздар, қалалық мәдениет сарайында, жерлестерімізге арнап, концерттік бағдарламасын ұсынады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar