USD495.2EUR522.34RUB4.94

ЖҰМЫРТҚАНЫҢ ҚАБЫҒЫН ҚОҚЫС ШЕЛЕГІНЕ ТАСТАМАҢЫЗ...

25 тамыз 2022, 15:33
Әрбір әйел отыз жастан кейін өзіне күтім жасауды бастамаса, жас ерекшелігіне қарай, тері де босап, салбырай бастайды. Алғашқы әжім іздерінің де көрініс беруі отыз жастан асқаннан кейін байқалады. Бұл кезде бет терісіндегі эластик, коллагенді жоғалта бастайды.
ЖҰМЫРТҚАНЫҢ ҚАБЫҒЫН ҚОҚЫС ШЕЛЕГІНЕ ТАСТАМАҢЫЗ...

Сондықтан, мейлінше жастық қалпыңызды сақтап қалу үшін жұмыртқа қабығының да орасан зор көмегі бар екендігін біріңіз білсеңіз, келесі біріңіздің хабарыңыз болмауы мүмкін. Ендеше, ас үйде жиі пайдаланатын азықтың бірі жұмыртқа екендігі белгілі болса, оның қабығына дейін пайдаға асыруға кірісейік...

Қоқысқа тастамаңыз!

Салатқа немесе қамыр илегенде, кейде тамаққа жұмыртқаны қосқаннан кейін қабығын қоқыс шелегіне тастамай, кәдеге жарата біліңіз. Онымен бет терісі үшін керемет маска жасауды бастайық. Ол үшін жұмыртқаны тазалап жуып алыңыз егер де сенімсіз болсаңыз, бүкіл микроптардан тазартып алу үшін сіркесуымен де жусаңыз болады. Жұмыртқаны жарып, ішіндегісін ыдысқа салған соң, сыртқы қабығында қалып қойған жұғынды да саусағыңызбен алып, тазартылған бет терісіне жағып қойыңыз. Қабықтың ішінде “сиқырлы” қабықша болады Жұмыртқа қабығының ішкі бөлігінде жұмсақ шілтер секілді жұқа қабықша болады. Сол қабықшаны еппен, абайлап қатты қабықтан ажыратып алыңыз. Бұл «пленка» көз айналасындағы әжімдерге қарсы тұра алатын керемет құрал. Оны екіге бөліп, көз айналасындағы әжімдер көп шоғырланған аймаққа жапсырып қойыңыз. 10-15 минуттай ұстаңыз. Пленканы жапсырған кезде мимикаға жол жоқ. Күлмеңіз!  Көз айналасына жапсырған пленка түсіп қалмас үшін ол маңайды қозғамаған дұрыс.

Ендігі кезек - сыртқы қабығында

 Қатты қабықты тазалап жуып, ұсақтап, құрғату үшін майлықтың үстіне жайып қойыңыз. Әбден кепкенін күтіңіз. Ол үшін 2-3 күн күтсеңіз, тіпті жақсы. Кепкен қабықты алып, ұнтақтаймыз. Блендермен немесе дәкені бинт екі-үш қабат етіп, қабықты орап алған соң, сыртынан балғамен ұрып ұнтақ-таңыз. Кәдімгі ұн секілді болып түйіршік қалмай-тындай ұнтақтағаныңыз жөн. Себебі, масканы бетіңізге жағу кезінде қатты қабықтың бетіңізді жырып, теріге зақым келтіріп алмас үшін. Содан кейін, бетіңіздегі ақуызды жуып тастайсыз. Бетіңіз құрғағанша маска дайындап алатын уақыт бар. Ол үшін 1 ас қасық кез келген айранға немесе йогурт та жарайды 1 шай қасық ұнтақталған жұмыртқаның қабығын салып араластырып алыңыз. Соңынан бетіңізге масканы щеткамен жағып шығыңыз. Қолмен жағуға болмайды және уқалаудың, массаждың қажеті жоқ. Жай ғана масканы жағып шығыңыз да 15 минуттай масканың кепкенін күтіңіз. Кепкенін байқау үшін саусағыңызбен бетіңізді ұстап көріңіз. Содан соң бірден жуып тастамай, беттегі масканы қолмен сылып алып тастаймыз. Артынан қалған қалдықтарын жылы сумен жуып тастайсыз.

Егер бетіңіздің терісі майлы болса, ештеңе жағудың қажеті жоқ. Ал, құрғақ тері болса, маскадан соң, міндетті түрде нәрлендіргіш кремді жағып қойыңыз.

Бетіңіз сергіп, жаңарып қалғанын байқайсыз

 Бұл масканы құрғақ тері үшін аптасына 2 рет, тіпті 3 рет жасауға болады. Майлы тері үшін аптасына бір рет осы масканы жасап тұрсаңыз, жеткілікті. 4 аптадан соң теріңіздің жасарып, әжімдердің тартылып, әдемі теріге ие болғаныңызды сезесіз. Қолдағы бармен, ас үйде жиі қолданатын бірақ, біз көбінесе қажетсіз деп санайтын жұмыртқаның қабығымен-ақ керемет нәтижеге жетуге болады. Жасап көріңіз, өзіңіз де таңқаласыз!

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:
Жақсыдан шарапат
23 маусым 2022, 11:18

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar