Ұстаздық жолы мен білімі
Ұлан Бағдатұлы Тлемисов 1986 жылғы 28 қаңтарда бұрынғы Семей облысының Шұбартау ауданында көпбалалы отбасында дүниеге келді. Үржар ауданында өсті. Әкесі Бағдат Тлемисов тарих пен географиядан сабақ берген, анасы Несіпжан Дарибаева акушер-гинеколог болып еңбек еткен. Ұлан Тлемисов отбасылы, көпбалалы әке.
2007 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша үздік бітірді. Студент кезінде «Жылдың үздік студенті» атанып, Даукеевтердің стипендиясын жеңіп алды. Кейін сол институтта педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. Оқытушылық жолын Семей политехникалық колледжінде әлеуметтік-экономикалық пәндерден сабақ беруден бастады.
«Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты ретінде Ұлыбританияның Рединг университетінде білім берудегі менеджмент және көшбасшылық бойынша магистр дәрежесін алды. Сондай-ақ Швейцарияның қолданбалы ғылымдар, экономика және менеджмент мектебінде (Swiss SASEM) халықаралық бизнес магистрі дәрежесін алды.
Университеттегі қызметі мен жетістіктері
Шәкәрім университетінде Педагогикалық институт директорының орынбасары, кейін директоры болды. Оқу үдерісін ұйымдастыруға жауапты департаментті басқарды, гуманитарлық-экономикалық факультеттің деканы қызметін атқарды. Қазір Экономика және қаржы кафедрасының аға оқытушысы.
Тлемисов Erasmus+ бағдарламасының KAZDUAL және GeKaVoC халықаралық жобаларына қатысты, Австрия мен Германияның дуалды оқыту тәжірибесін зерделеді. «Білім құрылтайы» халықаралық алаңын ұйымдастыруға атсалысты. Ғылыми жарияланымдарының бір бөлігі білім беруді басқару мен мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуына арналған.
Марапаттарының қатарында сол кездегі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтің Алғыс хаты, Семей қаласы әкімінің Алғыс хаты және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Құрмет грамотасы бар.
«Сана» және жастармен жұмыс
Ұлан Тлемисов «Сана» жастар қоғамдық бірлестігін басқарды. Бірлестік «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік қызмет» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешудегі және отбасы құндылықтарын нығайтудағы заманауи мүмкіндіктер» жобаларын, сондай-ақ конфессияаралық келісімді нығайтуға арналған іс-шаралар кешенін іске асырды. Тлемисов Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің жұмысына да қатысты.
№ 5 округке арналған бағдарлама
Округті абаттандыруда Тлемисов тұрғындармен бірге жөндеуді қажет ететін аулаларды, жолдар мен тротуарларды анықтауды ұсынады. Мектепке апаратын жолдардың жарығы, жаяу жүргінші өткелдерінің қауіпсіздігі және қоғамдық кеңістіктердің қолжетімділігі осы жұмысқа кіреді. Басым ұсыныстарды мәслихатта көтеріп, қала жоспарына енгізу мәселесін қарастырмақ.
Ертістің сол жағалауындағы «Заря» мен көпір арасын кезең-кезеңімен абаттандыру да бағдарламаға енген. Тлемисов серуен аллеясын, жарықтандырылған жаяу жолдар мен демалыс орындарын қарастыруды, сондай-ақ заманауи жағажай ұйымдастыру мүмкіндігін талқылауды ұсынады. Жобаны талқылағанда жағалауға тұрғын аудандардан қалай жетуге болатынын және аумақты кейін кім күтіп ұстайтынын ескеру қажет деп санайды.
Білім мен мәдениет бағытында кандидат қосымша сабақтар мен үйірмелердің қолжетімділігін арттыруды, балалар мен жастарға арналған мәдени-демалыс шараларын көбейтуді ұсынады. Ұлттық мәдениет пен дәстүрді танытатын шаралар, аға буын қатыса алатын мәдени бағдарламалар және аула спорты да осы жоспардың бір бөлігі. Денсаулық сақтау саласында ол медициналық көмек алу кезінде туындаған қиындықтар бойынша тұрғындардың өтініштерін тиісті мекемелерге жеткізіп, аурудың алдын алу бастамаларын қолдамақ.
Тлемисов тұрғындармен тұрақты кездесіп, әр өтініштің қай мекемеге жолданғанын, қандай жауап алынғанын және келесі қадам қандай болатынын хабарлап отыруды жоспарлайды. Бағдарламасының ұраны — «Аз сөз. Нақты іс.»
Улан Тлемисов о своём пути и предложениях для Семея
Кандидат в депутаты маслихата города Семей по одномандатному избирательному округу № 5 Улан Тлемисов начинал с преподавания в колледже. Позже он занимал руководящие должности в университете и возглавлял молодёжное объединение «Сана». В своей программе Тлемисов уделяет внимание образованию, культуре и здоровью, а также благоустройству дворов, улиц и левого берега Иртыша.
Образование и начало карьеры
Улан Багдатович Тлемисов родился 28 января 1986 года в многодетной семье в Шубартауском районе бывшей Семипалатинской области. Вырос в Урджарском районе. Его отец Багдат Тлемисов преподавал историю и географию, мать Несипжан Дарибаева работала акушером-гинекологом. Улан Тлемисов женат, многодетный отец.
В 2007 году Тлемисов с отличием окончил Семипалатинский государственный педагогический институт по специальности «История, основы права и экономики». В студенческие годы стал «Лучшим студентом года» и выиграл стипендию Даукеевых. Позже в том же институте получил степень магистра педагогических наук. Преподавательскую работу начал в Семипалатинском политехническом колледже, где вёл социально-экономические дисциплины.
Как стипендиат международной программы «Болашак» получил степень магистра по менеджменту и лидерству в образовании в Университете Рединга в Великобритании. Также получил степень магистра международного бизнеса в Швейцарской школе прикладных наук по экономике и менеджменту (Swiss SASEM).
Работа в университете и профессиональные достижения
В Университете имени Шакарима Тлемисов был заместителем директора, а затем директором Педагогического института. Руководил департаментом, который отвечал за организацию учебного процесса, и работал деканом гуманитарно-экономического факультета. Сейчас он старший преподаватель кафедры экономики и финансов.
Тлемисов участвовал в проектах KAZDUAL и GeKaVoC программы Erasmus+, изучал опыт дуального обучения в Австрии и Германии и участвовал в организации международной площадки «Білім құрылтайы». Часть его научных публикаций посвящена управлению в образовании и профессиональному развитию школьных учителей.
Среди его наград — благодарственное письмо Асхата Аймагамбетова, занимавшего тогда должность вице-министра образования и науки Республики Казахстан, благодарственное письмо акима города Семей и Почётная грамота министра науки и высшего образования Республики Казахстан Саясата Нурбека.
Объединение «Сана» и работа с молодёжью
Улан Тлемисов возглавлял молодёжное общественное объединение «Сана». В числе его проектов — социальная служба по формированию антикоррупционной культуры среди молодёжи, комплекс мероприятий по укреплению межконфессионального согласия и проект «Современные возможности в решении проблем бытового насилия и укреплении семейных ценностей». Тлемисов также участвовал в работе Общественного совета города Семей.
Предложения для округа № 5
Работу по благоустройству Тлемисов предлагает начать с обращений жителей. Вместе с ними он намерен определить, какие дворы, дороги и тротуары требуют ремонта в первую очередь, где не хватает освещения и какие переходы нужно сделать безопаснее. Приоритетные предложения он планирует вынести на рассмотрение маслихата и добиваться их включения в городские планы.
Отдельный пункт программы посвящён левому берегу Иртыша от «Зари» до моста. Тлемисов предлагает поэтапно обустроить прогулочную аллею, освещённые пешеходные дорожки и места для отдыха, а также рассмотреть возможность создания современного пляжа. При обсуждении проекта он предлагает учесть, как жители смогут добраться до берега из жилых кварталов и кто будет регулярно ухаживать за территорией.
В сфере образования и культуры кандидат намерен поднимать вопросы доступности кружков и дополнительных занятий, безопасного пути в школу и организации досуга для детей и молодёжи. В программе также предусмотрена поддержка мероприятий о национальной культуре и традициях, культурных программ для старшего поколения и дворового спорта. Обращения о трудностях с получением медицинской помощи Тлемисов планирует передавать профильным учреждениям и следить за ответами. Он также предлагает поддерживать инициативы по профилактике заболеваний.
Тлемисов планирует регулярно встречаться с жителями и сообщать, куда направлено их обращение, какой ответ получен и что можно сделать дальше. Девиз его программы — «Меньше слов. Больше дела.»
Кандидаттың сайлау қорының қаражатынан төленді