2025 жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым және технологиялар жөніндегі кеңестің отырысында Курчатовта ғылыми қалашық құру туралы тапсырма берген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында атом электр станциясын салу перспективасын, ядролық медицина мен инфрақұрылымды дамыту қажеттігін ескере отырып, Курчатов қаласының егжей-тегжейлі даму жоспарын әзірлеуді міндеттеген.
Қала әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта 2026–2035 жылдарға арналған ғылымды қажетсінетін аумақтарды құру мен дамыту тұжырымдамасы бекітілген. Сонымен қатар Курчатов қаласында ғылым қалашығын дамыту тұжырымдамасының жобасы мен даму жоспары әзірленген.
— Курчатов қаласында ғылыми қалашық құру 2027–2031 жылдарға арналған жоспарға енгізілді. Бұл бағыттағы тиісті шешім келесі жылдың бірінші жартыжылдығында қабылданады деп күтілуде, — деді Болат Әбдірәлиев.