USD452.91EUR509.43RUB5.53

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

7 сағатқа жетпей
Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып, нысан пайдалануға қабылданды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев хабарлады.
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

— Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы ауданымыздың бес ауылдық елді мекенінде су құбыры желілерінің құрылысы басталған болатын. Белгілі себептерге байланысты бұл жобалар аяқталмады. Облыс әкімінің қолдауының арқасында аталған бес су құбыры желісінің құрылысына облыстық бюджеттен 50 млн теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жанданды, — деді Нұрбек Қошқарбаев.

Аталған жобалар Биғаш, Шәріптоғай, Мамай, Шұғылбай және Қарамойыл ауылдарын қамтиды. Құрылысты толық аяқтау үшін қосымша қаржыландыру қажет.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:
Выборы депутатов маслихатов

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2026
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar