Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың тұрмыстық сектор мен әлеуметтік нысандардағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының қызметін кеңінен насихаттау болды.
Баспасөз туры барысында журналистер авариялық-құтқару отряды мен №24 өрт сөндіру бөліміне барып, арнайы техникалар мен заманауи құрал-жабдықтардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, қатысушыларға құтқарушылардың кәсіби дайындық деңгейін көрсететін жаттығулар мен су үстіндегі демонстрациялық іс-қимылдар көрсетілді.
Сонымен қатар, іс-шара аясында өрт сөндіру бөлімшелері арасында кроссфит жарысы өтіп, қызметкерлер өздерінің физикалық және кәсіби шеберліктерін танытты.
Баспасөз туры өрт қауіпсіздігін нығайтуға және азаматтық қорғау қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған тиімді диалог алаңы ретінде өтті.