USD0EUR0RUB0

Жастарды жұмысшы мамандықтарға баулу – өңір дамуының жаңа серпіні

16 қазан 2025, 10:20
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірде жастарды кәсіби бағдарлау және техникалық, инженерлік бағыттарға қызығушылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылуда.
Жастарды жұмысшы мамандықтарға баулу – өңір дамуының жаңа серпіні

Оқушылар цемент зауытына экскурсия жасап, өндіріс барысын көріп, заманауи технологиялар мен еңбек жағдайымен танысты.

– Қазіргі өндіріс тек станок пен цех емес, ол автоматтандыру мен цифрландыруға негізделген жоғары технологиялық орта екенін жастар ұғынуы қажет. Мұндай кездесулер олардың еңбек нарығы талаптарымен танысып, тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді, – деді Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қаблан Қамбарбеков.

Бұл бастама жастардың жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, білім беру жүйесі мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтады. Нәтижесінде өңірдің кадрлық әлеуеті күшейіп, өнеркәсіп саласының дамуына жаңа серпін берілмек.

-Мұндай экскурсиялардың ұйымдастырылып жатқанына өте қуаныштымын. Айтылғандай, «жүз рет естігенше, бір рет көрген артық». Осындай шаралар жиі өткізіліп тұрса екен деймін, себебі олар мамандық таңдауда үлкен көмек береді,- дейді №1 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Марк Золотов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar