USD0EUR0RUB0

Мақаншы ауданында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр

14 қазан 2025, 09:41
Былтыр 9 айдың қорытындысы бойынша ауданның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 147,3 % артқан. Бұл өсім аудан экономикасының тұрақты дамуы мен инвестициялық тартымдылығының артып келе жатқанын айғақтайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгельдин баяндады.
Мақаншы ауданында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр

- Ауданда бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. «Бақты» ауылында жүктерді өңдеу және жинақтау бағытындағы көлік-логистикалық хабтың құрылысы басталды. «Di-Nur Company» ЖШС жалпы құны 7 млрд теңге болатын май өндіру және құрама жем зауытының құрылысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ «Qazaq Oil», «Royal Petrol» және «Лукойл»компаниялары жанар-жағармай құю станцияларын салуда. Бұдан бөлек, «Бақты – Аягөз» теміржолы мен «Бақты» өткізу пунктін жаңғырту жобалары ауданның көлік әлеуетін арттырып, экономикалық серпін бермек, - деп атап өтті аудан әкімі.

Сонымен қатар, құрылыс саласында да оң нәтижелер байқалады. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 7 379 шаршы метрге жетіп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 323,3 % өсім көрсетті. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 59 жеке үйдің (118 пәтер) құрылысы жүргізілуде. 

-   Жол және инфрақұрылым саласында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. 1 млрд 755 млн теңге қаржыға 41 шақырым жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Мақаншы – Көктерек – Қызылбұлақ, сондай-ақ Келдімұрат, Қаратұма және Бақты ауылдарының көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған. Сондай-ақ,  Мақаншы ауылындағы Жеңіс саябағы мен Қабанбай батыр ескерткіші маңында демалыс аймақтары жаңғыртылып, көше жарықтандыру жүйелері орнатылды. Бұл шаралар ауданның келбетін жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, - деді спикер.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar