– Қазір жол қозғалысы ережелерін сақтау жөнінде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Іс-шараның алғашқы бес күнінде 868 құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 13 жүргізуші қарсы жолаққа шыққан, 17-сі апатты жағдай туғызған, 11 адам мас күйінде көлік басқарған. Сондай-ақ, 81 жүргізуші телефон пайдаланғаны үшін, 208 адам қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал 22 адамның жүргізуші куәлігі болмаған, – деді Данияр Нұрпеисов.
Облыс аумағында күн сайын 27 патрульдік бекет кезекшілік етеді. Оның 18-і – патрульдік қызмет батальонының, ал қалған 9-ы облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда жұмыс істейді.
– Сонымен қатар, жүргізу құқығынан айырылған 10 адамның көлік тізгіндегені анықталды. Барлығына қатысты тиісті шара қолданылды. «Сергек» және «Zerek» жүйелері арқылы да мыңнан астам заң бұзушылық тіркеліп, айыппұлдар автоматты түрде рәсімделді, – деп толықтырды аға инспектор.