USD0EUR0RUB0

Абай облысының 15 медицина қызметкері шетелде біліктілігін арттырды

09 қазан 2025, 09:36
Абай облысында медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ауылдық жерлердегі кадрлық әлеуетті нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков мәлімдеді.
Абай облысының 15 медицина қызметкері шетелде біліктілігін арттырды

Оның айтуынша, бүгінде аудандық ауруханаларда 569 дәрігер және 1970 орта буын медицина қызметкері еңбек етуде. Дегенмен, аймақта дәрігер мамандарының тапшылығы әлі де сезілуде — 42 бірлікті құрайды. Әсіресе жалпы практика дәрігерлері, терапевтер, анестезиолог-реаниматологтар, акушер-гинекологтар және педиатрлар тапшы.

– Кадр жетіспеушілігін азайту мақсатында кадрларды оқыту мен қайта даярлау шаралары күшейтілуде. Былтыр 15 маман шетелдік жетекші клиникаларда, соның ішінде Ресей мен Германияда біліктілігін арттырды. Олар халықаралық стандарттарды өңірлік медицина тәжірибесіне енгізіп жатыр. Сонымен қатар, 2024–2026 оқу жылдарына арналған резидентура гранттары аясында 101 резидент дайындалуда, биыл олардың 9-ы өңірдің медицина мекемелеріне жұмысқа кірісті, – деді басқарма басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar