USD0EUR0RUB0

Бесқарағайдағы жолдар жаңарды

30 қыркүйек 2025, 14:55
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Бесқарағай ауданы аумағында жалпы ұзындығы 8,4 шақырым болатын елді мекен ішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев мәлімдеді.
Бесқарағайдағы жолдар жаңарды

Ауданымызда, атап айтқанда, Белокаменка ауылындағы Ертіс көшесі, Глуховка ауылындағы Абай көшесі, Стеклянка ауылындағы Жастар көшесі, сондай-ақ Қарағайлы ауылындағы Б. Момышұлы, Гагарин, Тәуелсіздік және Н. Баймуратов көшелерінде жөндеу жұмыстары атқарылды. Бұдан бөлек, облыстық маңызы бар жолдардың 18 шақырымына орташа жөндеу жүргізіліп, бұл мақсатқа 569,1 млн теңге бөлінді, – деді аудан әкімі.

Әлеуметтік әріптестік пен демеушілердің қолдауымен қосымша жұмыстар да жүзеге асты. Бесқарағай ауылындағы Сейфуллин, Елистратов, Корнев, Жабаев, Рысқұлбеков және Қалтаев көшелерінде жол төсемі қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, Қарағайлы – Бозтал бағытындағы жолдың күрделі учаскелеріне 750 тонна, ал Канонерка – Қарамырза жолына 550 тонна қиыршық тас төселді. Бұл мақсатта қажетті 2000 тонна тасты «ГРК Электрум» ЖШС басшысы Кенжебек Құрманғалиев қамтамасыз етсе, тасымал шығынын облыстық мәслихат депутаттары Мұхтар Қасқабаев пен Азамат Аубакиров өз мойнына алды. Грейдерлеу мен қаптау жұмыстарын аудандық мәслихат депутаты Владимир Благих атқарды. Сондай-ақ Бесқарағай ауылына тас жеткізу үшін облыстық мәслихат депутаты Ерлан Ғадлетұлы арнайы техника бөліп, қолдау көрсетті, – деп түйіндеді спикер.

 

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar