USD0EUR0RUB0

Биыл «Семей – Қарауыл» жолының 20 шақырымы жөнделді

11 қыркүйек 2025, 10:01
Абай ауданында инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Мейіржан Смағұлов мәлімдеді.
Биыл «Семей – Қарауыл» жолының 20 шақырымы жөнделді

Аудан әкімінің айтуынша, аудандағы автожолдардың жалпы ұзындығы 402,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 70 км, облыстық маңызы бар жолдар – 247,6 км, аудандық маңызы бар жолдар – 85 км.

- Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарауыл ауылында Әуезов көшесінің 1,5 км және Шәкәрім көшесінің 1,1 км бөлігіне орташа жөндеу жүргізіліп, жаяу жүргіншілер жолдары салынды. Бұл жұмыстарды «Дерикар» ЖШС-і толық аяқтады. Сондай-ақ Тоқтамыс ауылындағы Абай көшесінің 750 метрлік бөлігіне ағымдағы жөндеу жасалды. Өткен жылы басталған Тоқтамыс пен Архат ауылдарына апаратын жолдарды орташа жөндеу биыл да жалғасуда. Мұнымен  қоса, облыстық маңызы бар «Аягөз - Қарауыл - Семей - Қайнар» бағытындағы автожолдың 15 шақырымына орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Ал «Семей – Қарауыл» жолының 20 шақырымы толық жөнделіп, пайдалануға берілді, – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды нысандардың құрылысы да жалғасып жатыр.

- Мәселен, Көкбай, Саржал ауылында спорт модулінің құрылысы қолға алынды, нысанды 2026 жылы пайдалануға беру көзделуде. Бұған қоса, Кеңгірбай би ауылында балалар лагері салынуда, – деп қорытындылады  Мейіржан Смағұлов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar