USD0EUR0RUB0

Абай облысында жалдамалы тұрғын үйді бөлу тәртібі түсіндірілді

27 тамыз 2025, 14:28
Абай облысында мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілетін жалдамалы тұрғын үйді бөлу ережелері түсіндірілді. Бұл туралы «Отбасы банк» облыстық филиалы директорының орынбасары Мира Сапарқызы баяндады.
Абай облысында жалдамалы тұрғын үйді бөлу тәртібі түсіндірілді

Спикердің айтуынша, арендалық пәтерлерді тек Қазақстан азаматтары мен қандастар ала алады. Ол үшін бірыңғай электронды базаға «тұрғын үйге мұқтаж» ретінде тіркелу қажет.

– Үйді бөлу процесі толық автоматтандырылған. Қолмен бөлу немесе кезектен тыс беру қарастырылмаған. Барлығы жүйе арқылы, адамның табыс деңгейі мен кезекке тұрған күніне байланысты анықталады, – деді Мира Сапарқызы.

Биыл бөлінетін жалдамалы үйлердің кемінде 70%-ы әлеуметтік осал топтарға беріледі. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы отбасылар, жетім балалар және басқа да санаттағы азаматтар бар. Оның ішінде 20% арнайы квота ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бағытталады.

Қалған 30% арендалық тұрғын үй ресми түрде тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген өзге азаматтарға бөлінеді.

– Егер отбасы 3 және одан көп адамнан тұрса, әр мүшенің соңғы 6 айдағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 есесінен аспауы тиіс. Ал отбасы 1–2 адамнан тұрса, табыс деңгейі күнкөріс минимумының 3,5 есесінен аспауы қажет. Пәтерлердің көлемі әр адамға 15–18 шаршы метрден есептеледі. Барлық бөлу процесі автоматтандырылып, азаматтарға SMS-хабарлама және жеке кабинет арқылы жеткізіледі, – деп атап өтті спикер.

Бұл бағдарлама тұрғын үйге аса мұқтаж азаматтарды қолдауға бағытталған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar