
– Думан Оразмұхаметұлы, біріңғай төлем құжаты дегеніміз не және ол не үшін қажет?
– Біріңғай төлем құжаты (БТҚ) – бұл ай сайынғы коммуналдық және тұрғын үй қызметтері үшін төлемдерді біріктіріп көрсететін шот. Бұрын тұрғындар әрбір қызмет бойынша жеке түбіртектер алатын, бұл кейде шатастырып, қолайсыздық тудыратын. БТҚ осы мәселелерді шешуге бағытталған: барлық төлемдер бір құжатта көрсетіледі. Бұл – ашықтық, уақыт үнемдеу және барлық төлемдер бойынша толық ақпарат алу мүмкіндігі.
– Семейде қандай ұйымдар БТҚ жүйесіне қосылды?
– 2025 жылғы 1 сәуірден бастап БТҚ жүйесіне ірі коммуналдық кәсіпорындар – “Семей Водоканал” және “Теплоком-мунэнерго” қосылды. Қалған қызмет көрсетушілер де кезең-кезеңімен интеграциялануда. Біздің мақсат – барлық коммуналдық қызметтерді қамтитын, қарапайым әрі түсінікті бірыңғай құжат қалыптастыру.
– БТҚ арқылы төлем қалай жүзеге асырылады?
– Өте оңай. Барлық ақпарат қағаз немесе электронды түбіртекте көрсетіледі. Төлемдерді кез келген банк, терминал, мобильді қосымшалар және біздің серіктес кассалар арқылы жасауға болады. Тек жеке шот нөмірін білу керек – ол түбіртекте көрсетілген немесе 8 777 6666 555 нөмірі арқылы білуге болады.
– Тұтынушылар үшін қандай артықшылықтар бар?
– Ең бастысы – ыңғайлылық. Бірнеше түбіртекпен әуре болмайсыз. Екіншіден – ашықтық: барлық қызметтер бір жерде көрсетіледі, тұрғын төлемдерді оңай бақылай алады. Үш-іншіден – қызмет көрсетушілердің жауапкершілігі артады: орталықтандырылған жүйе нақты есеп пен жедел кері байланысты талап етеді.
– Егер БТҚ түбіртегі әлі келмесе, қалай қосылуға болады?
– Егер сіздің үйіңізді басқарушы ұйым немесе коммуналдық қызмет көрсетуші бізбен жұмыс істейтін болса, сізге БТҚ автоматты түрде жіберіледі. Егер әлі қосылмаса – өзіңіздің басқарушы ұйымға немесе тікелей бізге жүгінуді ұсынамыз. Біздің мақсатымыз – Абай облысының барлық тұрғындарын қамту.
– YurtaDOM ИВЦ компаниясының алдағы жоспарлары қандай?
– Біздің мақсатымыз – тұрғын үй-коммуналдық салада әмбебап төлем операторы болу. Алдағы уақытта біз цифрлық сервистерді, мобильді қосымшаны, автоматты төлем мүмкіндігін және мемлекеттік қызметтермен интеграцияны дамытуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, біз ОСИ мен ПТ өкілдерін оқыту арқылы жүйенің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудеміз.
– Абай облысының аудандық коммуналдық кәсіпорындары біріңғай төлем құжатын (БТҚ) қалыптастыру бойынша келісімшарт жасай ала ма?
– Иә, әрине. Біз қазірдің өзінде облыстың 6 аудандық орталығымен кеңесуді бастадық. Электронды түбіртектерді енгізу жұмыстары жалғасатын болады. Бұл – ауқымды жұмыс екенін түсіну керек, бірақ біз барлық коммуналдық ұйымдарға БТҚ жүйесіне қосылуға көмектесуге дайынбыз.
– Жаңа жүйеге көшуге байланысты тұрғындарға не айтқыңыз келеді?
– Ең бастысы – өзгерістерден қорықпау. Біз енгізіп жатқан барлық жаңашылдықтар төлем жасауды жеңілдетуге, әділ әрі ашық етуге бағытталған. Біз әрқашан байланыстамыз, сұрақтарға жауап беруге және көмектесуге дайынбыз. Біз заманауи, тиімді ТКШ жүйесін бірге қалыптастырамыз, және бұл жолда ең бастысы – тұрғындардың мүддесі.
“ЕӨ”-ақпарат