
Чемпионаттың басты мақсаты — шекара қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ достық пен ынтымақтастықты арттыру болды. Қазақ күресі — бабалардан мұра болған рухты спорт түрі. Бұл додада палуандар тек күш-жігерін ғана емес, шеберлігі мен төзімділігін де сынға салды.
Тартысты өткен белдесулер көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар ұлттық спортты қолдау әрі дамыту бағытында мұндай жарыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.