
– Биыл Абай облысында су жеткізу бойынша 26 жобаны жүзеге асыруға қаражат қарастырылған. Жоспарланған жобалардың 15-і 2024 жылдан өтпелі. Олардың қатарында Бобровка және Березовский кенттерін, сондай-ақ Глуховка, Егінсу, Қызылту және басқа да ауылдарды су құбыры желілерімен қамтамасыз ету қарастырылған, – деп атап өтті спикер.
Басқарма басшысының айтуынша, өтпелі жобалардан бөлек, облыста су құбыры желілерін ұйымдастыру бойынша 11 жаңа жоба қолдау тапты. Олардың 8-і Семей қаласында жүзеге асырылмақ.
Жалпы, 26 жобаны жүзеге асыру 28 511 адамды қамтып, өңір халқын таза ауыз сумен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.