
Жергілікті жерді тексеру барысында тас жолдан 10 метр қашықтықта хаки түстес екі үлкен брезент сөмке табылды. Олардың ішінде 38 сәндік құс, алдын ала мәлімет бойынша, сұрбас шақшақайлар болған. Ұсталғандар бұл құстарды жақын маңдағы орман алқабында аулап, кейін көбейтіп, сатуды жоспарлағанын түсіндірді.
Қабылданған шаралар:
Екі Өзбекстан азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 510-бабы бойынша шекара режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Заңсыз аңшылық фактісі бойынша қылмыстық сипаттағы ақпарат тіркеу кітабына енгізілді.
Ұсталғандар, құстар мен көлік құралы одан әрі тергеу жүргізу үшін Бесқарағай аудандық полиция бөліміне тапсырылды (Акт №… 13.03.2025 ж.).