
Бұл талап сіздің тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғайды және салықтық ашықтыққа ықпал етеді.
Чекті талап ету неге маңызды?
1. Құқықтарыңызды қорғау: Чек тауарды қайтаруға, айырбастауға немесе шағым түсіруге мүмкіндік береді.
2. Бизнестің адалдығы: Чекті бермеу салықтан жалтаруға әкеледі, бұл ел экономикасына теріс әсер етеді.
3. Әлеуметтік бағдарламалар: Әрбір соғылған чек — бұл зейнетақы, стипендия, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді қаржыландыруға қосқан үлесі. ️
Чекті бермегені үшін 20-дан 40 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған!
Сіздің құқықтарыңызды бұзуға жол бермеңіз. Чекті талап етіңіз - адал бизнесті қолдап, мүдделеріңізді қорғаңыз!