
– Ауданда цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Интернетпен қамту мәселесіне келсек, туристер жиі келетін Жидебай, Бөрілі және Қоңыр әулие секілді тарихи орындарда интернет желісін орнату жоспарланып отыр. Ал аудан орталығына талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, интернет тұрақты жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта музей нысандарын QR-кодтармен жабдықтау жоспарланған. Бұл жаңашылдық келушілерге кодты сканерлеу арқылы бірнеше тілде ақпарат алуға мүмкіндік береді, – деді аудан әкімі.
Спикердің айтуынша, алдағы уақытта цифрлық қызметтерді кеңейту, ақпаратқа қолжетімділікті арттыру және тұрғындар мен туристер үшін байланыс сапасын жақсарту бағытында жұмыстар жалғасады.