USD523.17EUR550.06RUB4.93

Семейде «Адал ұрпақ» атты ерікті мектеп клубтарының форумы өтті

29 қараша 2024, 10:14
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында республикада түрлі бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары. Клубтың негізгі мақсаты - мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, оған төзбеушілікке бағытталған бастамаларды қолдау және іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу.
Семейде «Адал ұрпақ» атты ерікті мектеп клубтарының форумы өтті

Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Назерке Аққожина жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, әділдік пен адалдыққа шақырудың маңыздылығына тоқталды.

– Бүгін біз үлкен іс-шарада бас қосып отырмыз. Бүгінгі басқосудың негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы көзқарасты қалыптастыру, оқушылардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру. Сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған ынталарыңыз бен еңбектеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамыз, – деді Назерке Аққожина.

Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев ерікті мектеп клубтарының жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын баяндады.

– Бүгінгі форумда біз «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары қатысқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар байқауында үздік шыққан қатысушыларды марапаттаймыз. Барлық қатысушыларға, әсіресе дайындық кезінде сіздерге көмектескен ұстаздарыңызға алғыс білдіреміз. Біздің қаламыздағы әр мектепте жұмыс істейтін клубтар бірнеше жыл бойы өздерін жақсы жағынан көрсетіп келеді. Біздің басты мақсатымыз – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, – деп атап өтті бөлім басшысы.

Іс-шара барысында клуб мүшелері мен қатысушылар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar