USD495.2EUR522.34RUB4.94

Абай облысында азаматтық алу үшін 160 азамат көші-қон қызметіне жүгінген

31 қазан 2024, 09:52
Абай облысы аумағында 15 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Тимур Айтқажы мәлімдеді.
Абай облысында азаматтық алу үшін 160 азамат көші-қон қызметіне жүгінген

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бері 60 мыңнан астам азамат жеке куәліктерімен қамтамасыз етілген. 

- Заң бойынша Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тұрғылықты жері бойынша тіркелуі тиіс. Бұл талап 14 жастан асқан азаматтарға қатысты. Тұрғылықты жер бойынша тіркеу туралы ақпаратты Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, eGov.kz порталында немесе жеке куәліктің мерзімі өткен, құжат жоғалған немесе жарамсыз болған жағдайда көші-қон қызметіне келіп, тексеруге болады, - деп атап өтті спикер.

Абай облысы бойынша тұрғылықты және уақытша тіркеуге барлығы 30 мыңға жуық азамат тіркелген.

-  Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанда уақытша тұру рұқсаты беріледі. 
Бұл рұқсат еңбек қызметін жүзеге асыру, оқу немесе стационарлық ем алу мақсатында беріледі, – деп атап өтті полиция майоры.

Ағымдағы жылдың 9 айында облыстық ПД көші-қон қызметіне азаматтық алу мәселесі бойынша жеңілдетілген тәртіппен 160 адам (оның ішінде 75 бала) жүгінген.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar