Абай облысы бойынша өткен іріктеу кезеңіне 35 фракция жолдама алды, оның ішінде 25 фракция қазақ лигасында, ал 10 фракция орыс лигасында бақ сынайды.
*«Осы бастаманың басты мақсаты – жастардың зияткерлік қабілеттерін ашу, білімге құштарлықтарын арттыру және отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу», – деді **Respublica* партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш. Ол пікірсайысқа қатысушы жастардың шығармашылық және шешендік өнерін дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
Бұл пікірсайыс турнирі – өңірдің үздіктерін іріктеу арқылы Республика күніне орай алғаш рет өтетін ұлттық турнирге жолдама алу мүмкіндігін береді. Турнирге қатысқан ең мықты командалар алдағы жарыста өңіріміздің намысын қорғайтын болады.