USD491.7EUR531.28RUB5.07

КӨМІР МӘСЕЛЕСІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

18 қыркүйек 2023, 16:39
Алдағы жылу маусымына облыс көлемінде 1,245 млн тонна көмір қажет. Оның ішінде қажеттілік: тұрғындарға – 567,9 мың тоннаны, орталықтандырылған жылу көздеріне – 595,4 мың тоннаны, бюджеттік ұйымдарға – 84,5 мың тоннаны құрайды. Облыстың коммуналдық секторын көмірмен уақытылы қамтамасыз ету үшін «Қаражыра» АҚ және «ҚТЖ» АҚ-мен бірлесіп, шахтадан көмірді уақытылы жеткізу үшін вагондардың кестесі әзірленді.
КӨМІР МӘСЕЛЕСІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Бүгінгі таңда облыстың теміржол тұйықтарында 13,3 мың тонна көмір бар, оның ішінде, Семейде – 9 мың тонна, Аягөз ауданында – 3,4 мың тонна, Жарма ауданында – 200 тонна, Бородулиха ауданында – 660 тонна. «Тұрғындарды жылу беру маусымы басталғанға дейін көмір сатып алуға шақырамын. Себебі күн суыта салысымен кезек көбейіп, үлкен сұранысқа байланысты көмір бағасының көтеріліп кетуі мүмкін. Бұдан бөлек, көмірдің бағасы бәскелестік, яғни нарықтықтағы сұранысқа қарай белгіленеді. Қатты отынның бағасын реттеу мен бақылауды осы саладағы уәкілетті орган жүзеге асыратынын жеткізгім келеді», - дейді Абай облысының энергетика және ТҮКШ басқарамсының бөлім басшысы Алтынбек Әділбеков. Айта кетсек, қазіргі уақытта көмірге деген үлкен сұраныс және ұзын-сонар кезек жоқ. Теміржол тұйықтарында көмір жоспарға сәйкес уақытылы жеткізіліп жатыр. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar