USD444.32EUR473.33RUB4.76

Абай облысында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен кондитерлік цех ашылды

01 маусым 2023, 17:27
Кондитерлік цехтің жетекшісі «Табысты отбасы» жобасының екінші лек түлегі. Өз ісін дамыту бойынша білім мен дағдылардан бөлек, бейінді бағытты таңдауға мүмкіндік беріп, шағын бизнес ашу үшін үлес қосып келе жатқан «Табысты отбасы» жобасы қарқынды түрде іске асырылуда. Қазіргі таңның өзінде Абай облысы бойынша жобаның екі легі болып, әртүрлі сала бойынша 70- тен астам қатысушы қатысқан.
Абай облысында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен кондитерлік цех ашылды

Бүгінгі ашылған кондитерлік цех түрлі тәттілер мен торттар жасап шығарады. Цехтың жетекшісі Аяулым Ташенова. Ол,«Табысты Отбасы» әлеуметтік жобасының түлегі. Жобаға дейін ол, тәттілер жасауды тек хоббиі ретінде санаған. Кондитерлік өнімдері қала тұрғындары арасында танымал бола бастап, «Табысты отбасы» жобасы арқасында сол өнімдерді шағын цехта шығаруға мүмкіндік алған Аяулым Ташенова өз алғысын білдірді.

— Шағын кәсібімді ашып жатқаныма қуаныштымын. Мен баламның денсаулығына байланысты үйде отырған ана едім.«Табысты отбасы» жобасына қатысып, үлкен мүмкіндіктерге қол жеткіздім. Бұрын хоббиім ретінде айналысып жүрген кондитерлік өнімдерді, жоба аясындағы бағыт бойынша оқып бітірдім, - деді Аяулым Ташенова.

«Балаларды қорғау күні» қарсаңымен тұспа - тұс келген кондитерлік цехтың ашылуына «Табысты Отбасы» әлеуметтік жобасының түлектері және тәлімгері Лаура Байділданова қатысты. Сонымен қатар, цехта Аяулым Тәшенованың тәтті кондитерлік өнімдерінің барлық ассортименті дайындалып, көрсетілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar