USD446.49EUR475.38RUB4.79

АБАЙ ОБЛЫСЫНА ЖАҢА РЕАНИМОБИЛЬДЕР МЕН ИНВАТАКСИ ЖЕТКІЗІЛДІ

29 мамыр 2023, 16:40
Отбасыларға шұғыл медициналық қызмет көрсету үшін бес жедел жәрдем көлігі және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қозғалысы үшін үш инватакси келді. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры облысқа жаңа техниканы сыйға тартты.
АБАЙ ОБЛЫСЫНА ЖАҢА РЕАНИМОБИЛЬДЕР МЕН ИНВАТАКСИ ЖЕТКІЗІЛДІ

Реанимобильдер қан айналымы жүйесінің аурулары, инсульт кезінде сапалы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін, сондай-ақ шалғай ауылдарда ана мен бала өлімін азайту үшін пайданылатын болады. Автокөліктер жедел жәрдемге реанимациялық бригада күштерімен, ауруханаға дейінгі кезеңде тасымалдау және жай-күйін мониторингтеу үшін арналған және қазіргі заманғы талаптар мен нормативтерге сәйкес жабдықтармен жабдықталған. Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевпен кездесу барысында тұрғындар шұғыл медициналық көмекке мұқтаж пациенттерді тасымалдау мәселелері туралы айтқан болатын.

 Айта кетейік, Абай облысында мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша 16 инватакси қызмет көрсетеді. Автопарк тағы 3 көлікпен толықты. Бұл автомашиналар мүгедектігі бар адамдарға арналған облыстық спорт клубына, психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған Үржар балалар орталығына және «Абай облысының мүгедектерді абилитациялау және оңалту орталығы» КММ қызмет көрсетеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar