USD449.3EUR489.69RUB4.89

Орман өрті: Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев оқиға орнына барды

24 мамыр 2023, 16:37
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданындағы орман алқабының аумағын тікұшақпен ұшып өтті, онда жекелеген өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Орман өрті: Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев оқиға орнына барды

Өңір басшысы жедел штабта көшпелі кеңес өткізіп, ТЖД басшысы Манарбек Шапағатов пен облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың есептерін тыңдады.

«Мамандар жергілікті жерлерде кезекшілік етеді. Сөндіру жұмыстары барлық ошақтарда жүзеге асырылуда. Басты міндет - елді мекендерге жалынды таратпай тезірек сөндіру. Ол үшін жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Орман қорына келтірілген залалды өрт толықтай сөндірілген соң есептейміз, - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта өртті сөндіру 3 учаскеде жалғасуда. Өрттің таралуы толығымен тоқтатылды.

Желдің күшеюіне байланысты тұзды көл ауданындағы 3-учаскеде өрт төменнен жоғарыға ауысты. Өртті сөндіру үшін 20 техника жұмылдырылды. Өрт таралмас үшін шетінен жер жыртылған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar