USD0EUR0RUB0

Бесқарағай ауданында селекционерлер көтермеленді

31 қаңтар 2023, 12:03
Бесқарағай ауданында қазақтың жылқы тұқымының Бесқарағай типі өсірілген әйгілі "Мукинов" шаруа қожалығында "Менің өмірім, менің жетістігім" тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Бесқарағай ауданында селекционерлер көтермеленді

Конференцияға облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаев, Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов, сондай-ақ, ғылым өкілдері мен фермер қожалықтарының басшылары қатысты.

Белгілі болғандай, осы шаруа қожалығының "Бесқарағай түрінен" шыққан шойынқара және байторы түріндегі қазақ жылқылары селекциялық табысқа жетіп, ұрпақтарын алды. Бұл еңбектер бағаланды.

ШҚ басшысы Хабидулла Қабдулұлы Мукинов облыс әкімі Нұрлан Уранхаевтың алғыс хатымен марапатталды, ал осы жұмысты бірлесіп атқаратын азаматтар Бесқарағай ауданы әкімінің алғыс хаттарымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar