USD448.15EUR483.46RUB4.86

"Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысы төрт жылдығын атап өтті

30 қараша 2022, 11:58
Биыл "Жас сарбаз" республикалық әскери-патриоттық қозғалысының құрылғанына төрт жыл толды.

Осыған байланысты офицерлердің гарнизондық үйінде "Отан. Армия. Жас сарбаз."

Іс-шараның бастамашылары "Восток" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының басқармасы және Абай облысының білім басқармасы болды.

Форумға облыстың түкпір-түкпірінен үш жүзден астам оқушы қатысып, облыстық "Алау" әскери-спорттық ойынының жеңімпаздары марапатталды.

"Жас сарбаз" қозғалысына қатысушылар үшін Ұлы Отан соғысы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұражайларына экскурсия ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, қонақтар үшін ашық алаңда қару-жарақ пен әскери техника, әскери киім үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара "Қазақстан Республикасына қызмет етемін!" атты "Восток" өңірлік қолбасшылығының көркемөнерпаздар ұжымының мерекелік концерттік бағдарламасымен аяқталды.

- Іс-шараның мақсаты - "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысын дамыту арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, сондай-ақ жастарға патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жандандыру болды. Әскери-патриоттық қозғалыс арқылы біз жастардың патриоттық рухын көтеру және оларды Отанымыздың нағыз қорғаушылары етіп тәрбиелеу міндетін қоямыз, - дейді Абай облыстық білім басқармасының өлкетану және әскери-патриоттық бағытының меңгерушісі Болат Құрманов.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar