USD468.98EUR493.74RUB7.59

Абай облысында 9 балабақша салынады

24 қараша 2022, 10:17
2026 жылға дейін Абай облысында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 2100 орынға арналған 9 балабақша ашылады.
Абай облысында 9 балабақша салынады

Сонымен қатар, "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы аясында 5 700 орынға арналған 11 жаңа мектеп салу жоспарлануда.

"2023 жылы Семейде 3000 орынға арналған 5 мектеп, Водный кентінде 600 орындық, Аягөзде 600 орындық, Ақсуат ауылында 300 орындық, Бесқарағай ауылында 300 орындық мектептердің құрылыс басталады. 2024 жылы - Семейде 2700 орындық 6 мектеп, Ақсайда 600 орындық, Қарағайлыда 900 орындық, Жарма ауданы Қалбатау ауылында 300 орындық, Ақтоғайда (Аягөз ауданы) 300 орындық, Ақсуат ауданы Екпін ауылында 300 орындық мектеп салу жоспарлануда", - деді Абай облысының білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar