USD468.98EUR493.74RUB7.59

Мектептерде камералар орнатылды

22 қараша 2022, 10:16
Абай облысының мектептерінде 7 280 бейнебақылау камерасы орнатылды.
Мектептерде камералар орнатылды

Абай облысының Білім басқармасы жүйелі түрде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде. Облыстың 157 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 1 259 камера орнатылған, оның ішінде 813 дана (76%) ауыстыруды талап етеді.

Абай облысы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевтің айтуынша, жалпы 24 қосымша білім беру ұйымдарында 223 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Сонымен қатар, барлық қосымша білім беру ұйымдарында дабыл жүйесі орнатылған. Сондай-ақ, барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында дабыл түймелері орнатылды, жеке меншік мектепке дейінгі мекемелермен оларды қауіпсіздік нормаларына сәйкес келтіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес оқушылар саны 700-ден асатын білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыс орталығында орналасқан мектептерде турникеттер орнатылуы тиіс.

Абай облысы бойынша осы санатқа білім беру ұйымының 61 нысаны жатады. Турникеттермен қамтамасыз ету 93,4% құрайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

01 желтоқсан 2022, 16:07
01 желтоқсан 2022, 15:37
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar