USD448.15EUR483.46RUB4.86

Чемпиондар марапатталды

22 қыркүйек 2022, 10:37
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Қазақстан Республикасы чемпионатында жүлделі 2-ші орын алғаны үшін «ELIMAI» жағажай футбол клубын марапаттады.
Чемпиондар марапатталды

Марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі және КСРО құрамасының ардагері Сейілда Байшақов қатысты.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, спортшыларға медальдар табыс ете отырып, бұқаралық спорт түрлерін дамытудың қаншалықты маңызды екеніне тоқталды.

Нұрлан Ұранхаев - Абай облысының әкімдігі

«Сіздер, жағажай футболынан өткен ел чемпионатында мықты ойын көрсеттіңіздер. Жаңадан құрылған команданың алғашқы сыннан сүрінбей өтіп, күміс медальға ие болуы – үлкен жетістік!

Клубтық әлем чемпионаты мен еуропалық чемпиондар кубогына алған жолдамаларыңыз құтты болсын», - деп атап өтті өңір басшысы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar