USD479.42EUR467.91RUB8.21

Әуезовтің мерейтойына арналған ультрамарафон

21 қыркүйек 2022, 10:17
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына орай Alikhan Bokeikhan University мен Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қызметкерлері мен білім алушылары Семей қаласы – Бөрілі ауылы бағыты бойынша 85 км қашықтықтағы ультрамарафондық жүгіруді ұйымдастырады.
Әуезовтің мерейтойына арналған ультрамарафон

Жарыс 23 қыркүйек күні сағат 9.00-де Әуезов алаңынан басталады.

Акцияның мақсаты - көрнекті жазушының мерейтойына кеңінен назар аудару, сондай-ақ салауатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды насихаттау.

Іс-шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы мен мамандары, Alikhan Bokeikhan University басшылығы, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қызметкерлері, қаланың спорт қауымдастығының өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім алушылары қатысады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

22 қыркүйек 2022, 11:04
22 қыркүйек 2022, 10:37
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar