USD443.85EUR474.3RUB4.8

Өзгенің өміріне неге құмармыз?

20 желтоқсан 2019, 16:51
Елімізде технологияның кеңінен өріс алуына орай әлеуметтік желілер де көш басында тұр.
Өзгенің өміріне неге құмармыз?

Кейде біз «жастар кітап оқымайды, олар әлеуметтік желінің құрбандары болып жүр» дейміз. Қазірде олардан «қандай кітап оқығансың?» дегеннен гөрі, «инстаграм» желісінде кімге жазылғансың?» деген сұрақты қойған жеңілірек сияқты көрінеді. Дегенмен әлеуметтік желілерді дұрыс мақсатта қолдана білсек, оның артықшылықтары да жоқ емес. Бәрі де адамның өзіне  байланысты ғой. Мысалы, халық арасында осы әлеуметтік желінің көмегімен табыс тауып жүргендер қаншама. Өз басым «инстаграм» желісін жиі пайдаланамын. Өйткені, студенттік шақта ата-анаммен хал сұрасып сөйлесуге де кейде уақыт жетпей жататын кездер болады. Ал, мен осы желі арқылы сурет жүктеп, бейнежазба салып, өзімнің қайда жүргенімді, марапаттарымды жариялаймын. Соның арқасында  ата-анам мен үшін көп алаңдамай, амандығымды көріп, біліп отырады.

Десек те, әр нәрсенің шегі бар екенін ұмытпауымыз керек. Смартфонды шамадан тыс пайдалананып, көзге зиян келтіріп алмауды да қаперден шығармасақ екен. Кейде «инстаграм» арқылы өзгенің өміріне қызығып жүрген жастардың көп екенін де байқаймын. Ол қаншалықты қажет? Осындай сауалдар өзімді жиі мазалайды. Сіздер не дейсіздер?

Жанерке Сағымжан

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar