USD524.65EUR552.19RUB5.14

Бұқараның тарихи нысандары Ислам әлемінің мәдени мұралар тізіміне енді

08 шілде 2022, 14:31
– Бұқараның жеті тарихи нысаны ислам әлемінің мәдени мұралары тізіміне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Өзбекстан Республикасы Туризм және мәдени мұралар министрлігі Мәдени мұралар агенттігіне сілтеме жасап.
Бұқараның тарихи нысандары Ислам әлемінің мәдени мұралар тізіміне енді

Ведомствоның мәліметінше, 3-6 шілдеде Рабат қаласында (Марокко) Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымының (ICESCO) 10-шы сессиясы өтті, онда Бұқарада орналасқан жеті тарихи ескерткіш Ислам әлемінің мәдени мұралары тізіміне енгізіліп, сертификаттар алды.

«Исмаил Самани кесенесіне, Чор Бакр, Бахауддин Накшбанд кешендеріне, Магоки Аттари мешітіне, Пойи Калон ансамбліне, ежелгі Пойкент қаласының қирандыларына және Ташсарой медресесіне қатысты сертификаттарды ICESCO Бас директоры Салим аль Малик тапсырды», - деді Мәдени мұралар агенттігінен.

Ведомство бұл ескерткіштердің ICESCO тізіміне енуі республиканың бай мәдени мұрасын бүкіл әлемге насихаттау үшін үлкен маңызға ие екенін айтты.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar