USD474.83EUR515.38RUB5.5

Қырғызстанда халықаралық этнокарнавал өтіп жатыр

08 шілде 2022, 14:12
- ҚазАқпарат – ХІІ Халықаралық этнокарнавал қатысушылары Бішкектен Ыстықкөлге шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қырғызстанда халықаралық этнокарнавал өтіп жатыр

Этнокарнавалға Қырғызстан, Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан 500 бала қатысып жатыр. Мақсат – Қырғызстан мен ТМД елдерінің этномәдени ерекшеліктерін зерттеу, жандандыру және сақтау, достық қарым-қатынас орнату. Сондай-ақ, балалардың көркемдік, музыкалық, вокалдық, хореографиялық шеберліктерін дамыту.

Этнокарнавал Бішкекте шеруден басталып, Ыстықкөлге бағыт алды. Бағдарлама бойынша музыкалық қойылымдар, қатысушы елдер шеберлерінің хореография, вокал, халық аспаптары жөніндегі шеберлік сағаттары қарастырылған.

Іс-шара аясында «Ыстықкөл достарды жинайды-2022» VII Халықаралық балалар шығармашылығы байқауы өтеді. Биыл алғаш рет «Театр өнері» номинациясы бойынша байқау ұйымдастырылмақ. Құрамында түрлі елдердің жетекші мамандары бар қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шығармашылығын, еңбексүйгіштігін, орындау сапасын, сахнадағы шеберлігін бағалайды.



Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar