USD447.4EUR477.55RUB4.76

Ислам елдерінің 2023 жылға рухани туризм орталығы таңдалды

01 шілде 2022, 11:11
– Түркияның Шанлыурфа қаласы ислам елдерінің 2023 жылғы туристік орталығы аталды. Бұл туралы Әзербайжанда өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) қатысушы елдердің туризм министрлерінің 11-інші конференциясында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
Ислам елдерінің 2023 жылға рухани туризм орталығы таңдалды

Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің мәліметінше, Бакуде ИЫҰ мемлекеттері туризм министрлерінің кезекті кездесуі өтіп, онда Шанлыурфа қаласы ортақ шешіммен 2023 жылға рухани-туристік саяхат орталығы ретінде таңдалды.

Шанлыурфа Сириямен шекарада орналасқан Түркияның үлкен қалаларының бірі. Оның тарихы еврей, христиан және ислам діндерімен етене байланысты. Сол себепті оны «бес пайғамбар қаласы» деп атап кеткен.

Дегенмен, бүгінгі күні мегаполис тұтастай ислам дініне көшкен. Жыл сайын мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен зиярат етуші мұсылмандар жиналады. Шанлыурфада түрік, күрд және араб халқы аралас тұрады. Айта кетейік, ИЫҰ аясында 2024 жылғы рухани-туристік орталық ретінде Өзбекстанның Хиуа қаласы таңдалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar