
Цзянси провинциясында табиғат тосын мінез танытып, нөсер жаңбыр жауған. Бұл 2,05 млн тұрғынның қалыпты өмір дағдысын бұзды. 150 мың гектар егістік су астында қалды. Экономикалық шығын 6,79 млрд юаньнен ($1,01 млрд) асып жығылған.
Қызыл су басқан аймақтан шұғыл түрде 300 мың тұрғын эвакуацияланды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, билік алғаш рет Цзянси провинциясында ауа райының қолайсыздығына байланысты қызыл деңгейдегі төтенше жағдай жариялаған. Айта кету керек, Қытайда төтенше жағдай 4 деңгей бойынша белгіленеді: көк, сары, қызыл сары және қызыл деңгей.