USD447.4EUR477.55RUB4.76

Қазақ әдебиетінің антологиясы армян тілінде жарық көрді

31 қаңтар 2020, 14:22
Ереванда көпшілік назарына бірегей антология ұсынылды.
Қазақ әдебиетінің антологиясы армян тілінде жарық көрді

Алғаш рет қазақ әдебиетшілерінің туындылары армян тіліне аударылды. Осыдан 10 жыл бұрын Армения ғылым академиясы жанындағы Әдебиет институтының мамандары осындай ұсыныс жасаған болатын. Сәтті жоба сәтін салып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Армян ақыны Гагик Давтян  әріптесі Бақытжан Қанапияновпен достығы арқасында қазақ әдебиетінің антолгиясын басып шығару жобасына қызуғышылық танытты. Олардың достығы 1985-жылдан бері жалғасып келеді.  

 Гагик Давтян, ақын:

- Біз Владивостокта бүкілодақтық жастар фестивалінде таныстық. Өлеңдерімізбен алмастық. Бақытжан өлеңдерімді аударып, Қазақстанда басып шығарды. Мен де оның шығармаларын аударып, еліміздегі әдеби газетте жарияладым. Ал кейін, Нұр-Сұлтандағы халықаралық поэзия фестиваліне барғанда, Бақытжанның кітабін басып шығардым. Мен аударған оның жеті өлеңі антологияға кірді.  КОРР: Әдебиет елдерді жақындастыратыны анық. Абай Кұнанбайұлы, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев, Таир Жароков пен өзге ұлы қазақ жазушыларының туындылары армян тілінде жарық көрді. Бірнеше жылға жалғасқан еңбек нәтижесі болған антологияға жүзден аса шығарма енді.  

Александр Сафарян, Ереван мемлекеттік университетінің түркітану кафедрасының меңгерушісі:

- Осындай бастамалар туралы осыдан 50 жыл бұрын армян поэзиясының классиктері  Сильва Капутикян, Паруйр Севак пен Геворг Эмин армандаған болатын.  Антология бауырлас Қазақстанның тілі, тарихы мен мәдениетімен айналысатын студенттер және әдебиеттанушылармен қатар оқырмандарға да пайдалы болады.

Бауыржан Жақып, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары:

- Егер осы армян қарпінде сақталған қыпшақ жазуларының зерттеулері көбейсе, Армения мен Қазақстанның  достығының, тамырластығының өте тереңде жатқанын көрсететін дүниелерді табамыз.  Екі ел әдебиетшілерінің болашаққа шығармашылық жоспарлары көп. Армян жазушылары мен ақындарының туындылары қазақ тіліне аударылатын болды. Ал Еревандағы әдеби топ Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын қайта басып шығаруға ниетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar