
BBC Russian ақпараттық агенттігінің жазуынша, "Үлкен жетілік" бұл шешімді мақұлдаған жағдайда, ЕО-ға мүше мемлекеттер де осындай тыйым салу шараларын енгізеді деп болжануда.
"Ресейлік агрессияны тезірек тоқтату үшін маңызды нәрсе - G7 Ресейге қарсы қатаң санкциялар мен Украинаға берік қолдау көрсету мәселесінде біртұтастықты сақтайды", - деді Жапония министрлер кабинетінің Бас хатшысы Хирокадзу Мацуно.
Bloomberg жазғандай, егер мұндай шешім қабылданса, ол дәрі-дәрмек немесе азық-түлік сияқты рұқсат етілген тауарлардың шектеулі тізімін қоспағанда, Ресейге қарсы қолданыстағы санкциялар режимін толығымен өзгерте алады.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес қазіргі уақытта Мәскеуге қарсы енгізілген санкция режимі кез-келген экспортқа рұқсат береді, ал шектеулер тек жеке тауарларға қолданылады.