
Алайда, бұл жемістердің өңірге қайдан және қанша мөлшерде әкелінгендігі әзірге белгісіз. Қазір осы дерекке қатысты полицейлер қылмыстық іс қозғады.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Тергеуге мүдделі ведомстволардың мамандары тартылып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Солтүстік қазақстан облыстық полиция департаментінің және облыс прокуратурасының басшылығы сотқа дейінгі тергеудің жүргізілуін бақылауға алды, - деді облыстық ПД бас маманы Сән Жұмағазина.