USD439.43EUR473.31RUB4.82

АӘК-тің жаңа форматы туралы не білеміз

14 қаңтар 2020, 12:45
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың соңында көп балалы отбасыларға төленетін жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмекке қатысты өзгерістері бар жаңа заңға қол қойды.
АӘК-тің жаңа форматы туралы не білеміз

Аталған заң құжат жүзінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деп аталады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жаңа заңға сәйкес бала санына қарай тағйындалатын мемлекеттік жәрдемақы табысы жоғары және төмен көпбалалы отбасыларға бірдей берілетінін айтты.

· Төрт баласы бар отбасыларға – 42 496 теңге;

· Бес балаға – 53 127 теңге;

· Алтыбалаға – 63 757 теңге;

· Жеті және одан да көп балаға – 74 388 теңге.

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмектің қолданыстағы жүйесі қайта қаралды. Енді атаулы әлеуметтік көмек қазіргідей 6 немесе 12 айға емес, тоқсан сайын тағайындалып отырады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar