
«ЯҚТШ жөніндегі 10-шы шолу конференциясы пандемияға байланысты үнемі кейінге шегеріліп келген аса маңызды оқиға. Бұл конференцияның бұған дейінгілерден айырмашылығы – ол қазір Украинада қалыптасып жатқан жағдай аясында өтуде. Біз ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі туралы сөздер естіп жатырмыз. Осылайша, кейбір елдер мен саясаткерлер үшін артта қалған ядролық қарусыздану мәселелері қазір өзекті бола бастады», - деді Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов БҰҰ жаңалықтар қызметіне берген сұхбатында.
Конференция аясында өткен шараға сарапшылар, дипломаттар, азаматтық қоғам өкілдері, сондай-ақ «хибакуся» қатысты. Жапониядағы Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстардан аман қалғандар «хибакуся» деп аталады.
Биыл БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Хиросимадағы атом жарылысы құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты. Бұл Жапонияның осы қаласында 6 тамызда өтті.
БҰҰ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бас хатшы әлем көшбасшыларын ядролық қару қорларын кідіріссіз жоюға шақырмақ. Сондай-ақ ол «хибакусямен» кездесіп, белсенді жастармен диалогқа түседі.
Хироцугу Терасакидің айтуынша, «Сока Гаккая» ұйымы ядролық қаруды «абсолютті зұлымдық» деп санап, онымен күресу үшін олар «хибакуся» үнін бүкіл әлемдегі ең кең аудиторияға жеткізуге көмектесіп келеді. Атом бомбасының сынағы жүргізілген Қазақстан – ядролық қарусыз әлем үшін қозғалыстың белсенді қатысушысы.
Фото: ОДВЗЯИ