USD491.7EUR531.28RUB5.07

Мәскеудегі жатақханада өрт шығып, сегіз мигрант қаза тапты

29 шілде 2022, 12:30
– Ресей астанасы Мәскеудің оңтүстігіндегі «Алматы көшесіндегі хостелде» жатақханасында өрт шығып, сегіз адам қаза тапты. Сегіз адам құтқарылып, 200-і эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
Мәскеудегі жатақханада өрт шығып, сегіз мигрант қаза тапты

«Жатақхана Алматы көшесі, 7 үй, 2 ғимаратта орналасқан. Қазіргі уақытта сегіз адамның қаза тауып, үшеуін дәрігерлер қарап жатқаны белгілі болды. Қаза тапқандардың барлығы мигранттар. Олардың азаматтығы анықталып жатыр. Үйіндінің асты тексерілуде. Өртті сөндірді, 150 шаршы метрлік үш бөлме мен дәліз жанған», - деді жедел қызметтегі дереккөз.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабар Мәскеу уақытымен бейсенбі күні сағат 23:58-де түскен. Өртті 20 минутта ауыздықтаған. «Мосгаз» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ғимаратқа газ тартылмаған. «Болжаммен, өрт туралы кеш хабарлағаннан, оны өздігінен сөндірмек болғаннан көп адам қаза тапқан», - деді жедел қызметтегі дереккөз. Куәгерлер Алматы көшесіндегі көпқабатты үйдегі хостел 2019 жылдың мамырында тұрғындардың келісімінсіз ашылғанын хабарлады.

Фото: tass.ru

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar