USD446.49EUR475.38RUB4.79

Қазақстанда жол битумы не себепті қымбаттады

29 шілде 2022, 12:26
– Қазақстан Ресейден 300 мың тонна жол битумын сатып алуы мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанда жол битумы не себепті қымбаттады

«2022 жылы автожол жобаларын іске асыру үшін шамамен 1,1 млн тонна жол битумы қажет. Осы орайда республикалық желіге 600 мың тонна, жергілікті желіге 500 мың тонна керек. Отандық битум зауыттарының қазақстандық нарықтың қажеттілігін жол битумымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ. Қазіргі уақытта елімізде жылына 1 млн тоннадан аспайтын көлемде жол битумын өндіруші 4 зауыт («Caspi Bitum», «ПНХЗ», «Qazaq Bitum», «Асфальтобетон-1») жұмыс істейді», - делінген министрліктің ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында.

Жол битумдары негізінен жол-құрылысы саласында, аэродром алаңдарын салу, жөндеу үшін және басқа да құрылыс салаларында қолданылатынын атап өткен жөн.

«Қазіргі кезде министрлік ауқымды жол саласындағы жобаларды іске асырып жатыр. Сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламаларын іске асыруға қаражат бөліп, құрылыс жұмыстары ескерілген. Бұл тұрғыда құрылыс маусымында трейдерлер (алыпсатарлар) жасанды тапшылық жасап, битум бағасының 2 есе қымбаттауына әсер ететінін ескеру қажет. Бұл ретте, битум тапшылығына байланысты министрлік Ресейден 300 мың тонна көлемінде жол битумын жеткізу туралы мәселені пысықтап жатыр.

Бүгінгі таңда бұл мәселені Қазақстанның Энергетика министрлігі Ресей Энергетика министрлігімен бірлесіп қарастырып отыр», - деп аталып өткен ведомство мәліметінде. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қазақстанда 200 мың тонна битум жетіспейтінін айтып, осы саладағы кемшіліктерді сынға алды.


Мәскеудегі жатақханада өрт шығып, сегіз мигрант қаза тапты МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресей астанасы Мәскеудің оңтүстігіндегі «Алматы көшесіндегі хостелде» жатақханасында өрт шығып, сегіз адам қаза тапты. Сегіз адам құтқарылып, 200-і эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап. «Жатақхана Алматы көшесі, 7 үй, 2 ғимаратта орналасқан. Қазіргі уақытта сегіз адамның қаза тауып, үшеуін дәрігерлер қарап жатқаны белгілі болды. Қаза тапқандардың барлығы мигранттар. Олардың азаматтығы анықталып жатыр. Үйіндінің асты тексерілуде. Өртті сөндірді, 150 шаршы метрлік үш бөлме мен дәліз жанған», - деді жедел қызметтегі дереккөз. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабар Мәскеу уақытымен бейсенбі күні сағат 23:58-де түскен. Өртті 20 минутта ауыздықтаған. «Мосгаз» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ғимаратқа газ тартылмаған. «Болжаммен, өрт туралы кеш хабарлағаннан, оны өздігінен сөндірмек болғаннан көп адам қаза тапқан», - деді жедел қызметтегі дереккөз. Куәгерлер Алматы көшесіндегі көпқабатты үйдегі хостел 2019 жылдың мамырында тұрғындардың келісімінсіз ашылғанын хабарлады.

Фото: tass.ru



Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar