USD474.83EUR515.38RUB5.5

Бензинсіз жүретін көлік

10 қаңтар 2020, 13:45
Иран инженерлері таза энергиямен жұмыс істейтін автокөлік жасады. Оның түрі кәдімгі машинадан аумайды, бірақ бензин багының орнына электр қуаттандыру розеткасы және жел мен күннен қуат алатын құрылғылар орнатылған.
Бензинсіз жүретін көлік

Қазір бұл көлік сынақтан өтіп жатыр, кейін оның жаппай өндірісін бастау жоспарда бар. Иран тұрғындары мұны асыға күтіп отыр. Тыныс алып жүрген ауамызды көзбен көруге болады. Осындай сөздерді Тегеран тұрғындарынан жиі естисің. Тау етегінде орналасуына және көліктердің тым көп болуына байланысты қаланы үнемі көк түтін басады. Осыған алаңдаған жергілікті ғалымдар экологиялық таза көлікті жасап шығарды. Оның кең қолданысқа шығуы бағасына байланысты болмақ. Алдын-ала есеп бойынша, осындай машинаның құны 8 мың доллардан аспайды.  Мохаммад Мирараб, инженер-механик: — Иранда сумен жүретін автокөліктерді шығаратын конструкторлар бар. Қазір бұлмашиналар сынақтан өтіп жатыр. Иран өкіметі инженерлердің мұндай бастамаларын қолдап  отыр, өйткені бұл болашақ дәуірдің техникасы. Су мен электрқуатының бағасы бензиннен төмен, сондықтан осындай көліктердің жаппай өндірісі көптеген елдердің экономикасын нығайтады.  Иранның тұңғыш энергетикалық көлігіне «Q» деген атау берілді. Әзірше ол сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүреалады. Инженерлер бұл көрсеткішті 110 шақырымға дейін өсіретініне сенімді. Бұл жобаны Иранның энергетика министрлігі де қолдапотыр.  Парвиз Дадхах, инженер-конструктор: - Экологиялық таза машиналардың өндірісін қолға алу туралы Иранда бұрыннан айтылып келеді. Соңғы жылдары көптеген мамандар бұл мәселені зерттеді. Күнбағыс майы, соя, бидай немесе тезекпен істейтін бірлі-жарым модельдер бар. Бірақ бұл кімге қажет болады деген сауал бар. Сапасы жақсы болып, экспорттық мүмкіндіктері болса ғана табысқа жетеді. Қазір кейбір компаниялар еуразиялық аймақпен келіссөздер жүргізіп келеді. Егер бұл машинаға қызуғышылық танытса, бұл оның конвейерге шығуын тездетереді.  Жаңа көлік түрінің кең қолданысқа шығу-шықпауы келесі жылдың наурыз айында белгілі болады. Бұл мерзімге дейін ол техникалық сынақтан және күрежолдар мен қала көшелерінде бірнеше тест-драйвтан өтуі тиіс.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar