USD449.3EUR489.69RUB4.89

Айтишниктің қоғамдағы маңызы қандай?

19 қараша 2020, 11:18
Елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы енгеніне көп жыл өте қойған жоқ. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – өркениетке ұмтылу мақсатында цифрлық технологияларды қолданысқа енгізіп, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және ел экономикасының даму қарқынын жеделдету екені түсінікті.
Айтишниктің қоғамдағы маңызы қандай?

Иә, аталған бағдарламаның алғышарттары жасалып, жемісін беріп те жатыр. Оның көрінісі ретінде соңғы бір жылды алып қарайық. Электрондық сауданың тиімділігі  артып, сұранысы көбейді. Мысалы, халықаралық саудаға тартылу есебінен халық интернет арқылы төмен бағалармен көптеген тауарларға қол жеткізе алады. Электрондық коммерцияның сұранысы артып келе жатқандықтан, адамдардың бизнеспен айналысуы да жиіледі. Бизнес-экономиканың дамуына тікілей әсер ететін оң фактор осы.

 Қазіргі уақытта күнделікті өмір салтымызға енген - онлайн оқыту бағдарламасы да “Цифрлық  Қазақстанның’’ айқын көрінісі. Барлық оқып жатқан бағдарламаларымыз (ZOOM,TEAMS,MEET, т.б.) айтишниктің, яғни бағдарламашының ойлап тапқан технологияларының қажеттілігі зор екеніне көзіміз жетті. Бұл мамандық атауын естігенде елең етпейтін жан кемде-кем. Сонымен, «айтишник» деген кім? Оның қоғамдағы маңызы қандай? IT мамандығында оқитын қазақ жастарының болашағы бар ма?

Шыны керек, ғаламторыз жүре алмайтын күнге де жеттік. Оның бағдарламалары мен алгоритмдерін құрастыратын маман осы - айтишник. Цифрландыру өрісі артып, қазіргі уақытта бағдарламашы деген мамандық сұранысқа ие болуда. Неліктен?

Біріншіден, қоғамдағы құбылыстар осыған алып келіп тіреп тұр. Барлық мәселені үйде отырып смартфон мен басқа да технологиялар арқылы шешуге болатындығы дәлел. Қарапайым несие төлейік дедік, сіздің нешесіне дейін төлем төлеу керектігін, әлі қанша мөлшерде қарызыңыз қалғанын барлығы дерлік автоматты түрде есептеліп, автоматты түрде орындалады. Бұл да бағдарламашының жасаған еңбегі деуге болады. Аталған мамандықты тәжірибені ешбір жұмыс орталығында істемей-ақ алуға болады дейді-міс. Кей кездері жоғары білім алмай да жұмысқа тұру мүмкіндігі де бар екен. Тек компьютердің тілі мен ағылшын тілін жақсы білсеңіз болғаны. Екінші себеп, жалақысы жоғары мамандықтар қатарына кіреді. Жастардың талайы мамандықты толық игере алмаса да жалақысына қызығып баратыны да рас. Әрине, біліктілігі жоқ маман қашан да өз жұмысын қанағаттанарлықтай істей алмайды.

Ал енді, осы IT саласынан білім беретін оқу орындары да жетерлік. Халықаралық IT Университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Университет және тағы да басқа білім ордаларының әлеуеті зор. Біз тек дәрежесі жоғары универлерді атап өттік. Ондағы беретін білім де абыройына сай болса игі еді. Қаны қазақ баласы осы мамандықты қалай игере алады екен?

Менің IT саласында оқып жатқан достарым өте көп. Солардың мамандыққа көзқарасы қандай екенін бір-екі досымнан біліп көрдім. Досым Ермектің сол тұрғыдағы ойын толықтай келтірейін:

«Беріп жатқан білімдерді мүлде түсінбеймін, тіпті 1-курсқа енді аяқ бассақ та, теориялық тұрғыда өте ауыр  білім бағдарламасын береді»  дейді ол. Яғни, көп студент оқудан қиналып, күйзеліске ұшырап оқудан шығып кетеді екен. Екінші досымнан  сұрап едім, ол да мамандықтың қиындығы жайлы, қыр-сырын меңгеру қиын екенін жасырған жоқ. Яғни, қазақ балалары үшін күрделі мамандық  екені білініп қалды.

Бағдарламашы мамандығының кері тұстары бар. Дәріс беру кезінде бір ғана қатып қалған заңдылықты қайталай беріп, біркелкі математикалық алгоритммен жұмыс істей бергеннің арқасында студентті жалықтырады. Бағдарламашының ең жақын серігі - компьютер екені де бәрімізге белгілі. Ал, оның зияндылығы да аз емес. Көздің нашар көруіне, ақыл-ойдың тек ғаламтор беттеріне байлануына, қаққан қазықтай бір орында отыруы-жалқаулық дейтін басты жауымыздың алдына алып барады.         

 Менің ойымша біздің универлерде осы мамандықты оқытқанда, арнайы даярлау апталарын өткізіп, студент жалықпайтындай практика жұмысын көбейту керек секілді. Сонда ғана студенттерде жақсы түсінік қалыптасып,білімге деген екінші тыныстары ашылады деген үміттемін.

Жарайды, тоқетеріне көшкенде осы мамандықты оқып, бітірді делік. Бірақ, айтишник мамандығына сай, қайда барып жұмыс істейтінін ұзақ ойланатыны анық.

Ғаламторы жоқ, технологиялар қамтылмаған шеттегі ауыл-аймақтарға барып қызмет істеуге мүмкіндігі бар ма? Тіпті, ойлауға да күлкілі. Дамыған 30 елдің қатарына енеміз дейміз. Бірақ, сонда қандай жаңашылдығымызбен кірмекшіміз?  Егерде бір интернет желісінің мәселесін шеше алмай, түйін ретінде қалдырып жатсақ? Осындайда IT мамандығын меңгеріп жатқан бағдарламашылардың болашағы бұлыңғыр күйде көрінеді.

Қыр-сыры құпияға толы мамандық туралы ойымды «Ертіс өңірі» газеті арқылы ортаға салғанды жөн санадым. Ал, сіз, айтишник, немесе осы мамандықты игеруге ұмтылған замандас, қандай пікірдесіз?                                                                                                                                        

                                                                                                                                                 Ернұр ДҮЙСЕНҒАЗЫ

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar