USD446.49EUR475.38RUB4.79

«Абай әлеміне саяхат» клубы ашылды

07 ақпан 2020, 11:47
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы- Ұлы даланың құпиясын қойнына басқан баға жетпес қазынамыз.
«Абай әлеміне саяхат» клубы ашылды

Ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында қаладағы 56 мектептің оқушыларына ақын, ойшыл хакім Абай шығармаларын терең  ұғынуларына  үлкен мүмкіндік туды. Аталған мектептерде  «Абай әлеміне саяхат» клубы ашылды.

Клубтың мақсаты- жас ұрпақтың бойына елін сүюдің рухани дәнін сіңіру.  Клубты құрушылардың пікірінше,  «Абай әлеміне саяхат» - жастардың  бойына  ұлттық бірегейліктің саналы түрде қалыптасуына ықпал етеді. Ең алдымен халқыңды сүю, ана тіліңді білу, ұлттық дәстүрлерді бар сана-сезіміңмен қабылдау, ұлттық сана жайлы түсінік қалыптастыру, әрине,  Отаныңды, өз отбасыңды қадірлей білу. Осындай асыл қасиеттерді ақын өзінің өлеңдері мен шығармаларында, қара сөздерінде тынбай насихаттады.

Клуб мүшелері өз жұмыстары барысында Абай өлеңдерінен 70 сөз, қара сөздерінен 45 ой-тұжырымды жатқа білулері тиіс.

Аталған клубтар өткен жылдың 20 қарашасы күні Т. Аманов атындағы орта мектепте ашылғанын айта кету керек.  Онда клубтың мерейтойына орай «Абай деп соққан жүректер» деген атпен қалалық семинар өткен еді. Семинарға қала мектептерінің мұғалімдері, ата-аналар, барлық оқу ордалары директорларының орынбасарлары қатысты. Кездесуде «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» деген тақырыпта шеберлік сағаты, «Ақынның қара сөзі-жеке тұлғаның қалыптасыуындағы жолбасшы»  атты Абай әлеміне терең бойлауға бағытталған жобалық оқу өткен.  Сол басқосуда Абайдың әдеби мемориалдық музейі және Абай атындағы кітапхана «Абай- дана, дара тұлға» атты экспозиция көрсетілді.

Бүгінде «Абай әлеміне саяхат» клубы мүшелерінің саны  күн сайын артып келеді. Абай еңбектеріне деген қызығушылық тек мұнымен ғана шектеліп қалмақ емес. Шығыс Қазақстан облысы оқу  орындарында «Абайтану» курстары енгізілді. Ақынның туғанына 175 жыл толу мерейтойын өткізу бойынша қоғамдық кеңестің отырысында 10 қаңтардан бастап облыс мектептерінің 5-8 сыныптарында, колледждердің  «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша оқып жатқан бірінші курс оқушыларына «Абайтану» элективті курстары енгізілгені айтылды. Облыстың 277  мектебі мен екі педагогикалық колледжінде «Абайтану» кабинеттері ашылды. 

  «Абай әлемі» әдеби жобасын іске асыру жолғасуда,     қазақ жазушыларының шығармалары енген қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде шығатын жиыны 21 мын данамен тарайтын  20 кітаптың тізімі бекітілді.  ШҚО барлығы 500, оның ішінде Ұлыбританияда, Ресейле, Түркияда, Польшада, Қытайда  24 халықаралық, жиырмаға жуық шара  республикалық деңгейде өткізіледі деп жоспарлануда. Оларды ұйымдастыруға өңірдегі ЖОО, ғылыми және мәдени ұйымдар,  ҚР Жазушылар мен суретшілер одағы, ҮЕҰ, жастар тартылады.

Осы шаралардың барлығы ғасырдан астам уақыт өтсе де Абай еңбектерінің өзектілігі, маңызы күні бүгінге дейін күн тақырыбында, адамзат өркениетінің шамшырағы болып жасай беретін аса құнды мәдени мұра екендігін айқындай түспек.

 

Семей қаласының ақпарат орталығы

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar