USD449.3EUR489.69RUB4.89

Баланың сана тәуелсіздігін қалай сақтаймыз?

19 қараша 2020, 11:45
ХХІ ғасырда компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүре алмайтындай дәрежеге жетті. Ал компьютерлік ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналып, оған деген тәуелділігі күннен- күнге артып отыр. Тек қана балалар ғана емес, ересектер де ойнап жататынын байқаймыз. Қаланың әрбір бұрышында ойын клубтары қаптап -ақ тұр.
Баланың сана тәуелсіздігін қалай сақтаймыз?

екенін жақсы біледі. Демек, бала заманына қарай өседі. Технология тілін жетік біле білмейтін әке-шешелері «қазіргі балалар іштен біліп туады» деп те айтып жатады.  10 жыл бұрын тек ақшасы барлардың  ғана қолы жетсе, ал қазір оны әрбір үйден көруімізге болады. Балалардың досы – компьютерге айналды. Таңнан кешке дейін отырса да жалықпайды. Мұндай балаларды компьютерден басқа ешнәрсе қызықтырмайды.

Ал, компьютердің адамдарға келтіретін ең сұмдық зияны, оған еліккен жан өзгелерді ұмытып, ешкіммен араласпай, томаға-тұйық күн кешетін болады. Компьютерлік ойындар жасөспірімдердің санасын улайтыны белгілі. Қазіргі өмір аясында жасы кәмелетке толмағандар компьютерлік ойындар мен автомат-ойындар ойнайтын орындарға жиі барады. 

Ғалым-зерттеуші А.Сидорованың 12-14 жастағы жасөспірімдерден тұратын 2 топқа компьютерлік ойынның әсерін білу үшін жүргізілген эксперимент нәтижесін талдау оған келесі шешімді жасауға мүмкіндік береді:

1. Компьютерлік ойындардың жасөспірім психологиясына әсері барысында тітіркену, сезіктену, ойыншы тарапынан жағымсыз көріну секілді сезім артады.

2. Компьютерлік ойынды ойнайтын жасөспірімдер балаларға тән кішігірім бұзақылықта немесе жеңіліске ұшырауда өздерін айыпты санайды.

3. Компьютерлік ойынды ойнайтын жасөспірімдерде айнала қоршаған өмірге теріс қарау пайда болады (жақындармен ұрысу, айқайлау, басқаларды кемсіту).

4. Мұндай жасөспірімдер тек үстем-үстем сөйлеп қана қоймай, денеге зақым келтіру әрекетін де қолданады. Мұндай әрекеттерді ойын барысында ұтқандар мен ұтылғандарды бақылай отырып аңғаруға болады. Жасөспірімдер айқайлайды, қасындағы заттарды лақтырады, сындырады, дүлейді айналасындағыларға шығарады.

Компьютердің адамға  тигізер зияны айтпаса да түсінікті. Компьютерлік ойындар балаларға әртүрлі әсер етеді: егерде бұл ойындар үйрететін, логикалық ойлауын дамытатын, зейінін, спортқа қызығушылығын арттыратын - дойбы, футбол ойынындағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйретсе жақсы.

Сондай ақ, атыс-шабыс, құбыжық кейіпкерлері бар ойындар да жетерлік. Оларды ойнау қаншалықты зиян?

"Жарыс", "атыс" ойындарын ойнайтын оқушылар жүйкелері жұқарған, компьютер ойнағаннан кейін көздері ауырады, оқу үлгерімі нашарлайды. Олар мұқиятсыз, ашуланшақ, есептеу кезінде көп қателер жібереді, жай оқиды, кейде сабаққа дайындықсыз келеді немесе үй жұмысын дұрыс орындамайды.

Мамандар зерттеулеріне сүйене отырып, бұл озық технологияларды ұзақ пайдаланудың бала психологиясына кері әсерлін сараласақ. Біріншіден, шамадан тыс ақпараттар тасқыны баланы енжарлыққа душар ететін көрінеді. Интернетті өзінің бірінші серігі, ал компьютерді «досы» етіп таңдаған жан айналасындағы адамдармен еркін араласу қабілетін лезде әлсіретіп алады екен. Бұл туралы мамандар: «Өзгенің адами мұң-мұқтажын түсінбейтін, айналасындағылардың жан қиналысын сезіне бермейтін, яғни жүрегі селт етпейтін халге жетеді», – дейді. Адамдармен, тіпті өзінің жақын-жуықтарымен, әке-шеше, бауырларымен араласудан қашқақтайтын ондай бала, абайламаса, шынайы мынау өмірді виртуалды, жансыз «өмірге» айырбастап жіберетіндей дәрежеге жетеді екен.

Яғни, тапжылмай ұзақ уақыт көгілдір экран алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне кері әсерін тигізеді.

Ойын баланың мінезін өзгертеді.

Қазір қаладағы  кез келген отбасыда компьютер бар. Балалардың көпшілігі уақытын осы  экранның алдында ойынмен өткізеді. Онымен қоса,  теледидардан шетелдің шуы көп мультфильмдері мен киноларын  тамашалайды. Яғни, баланың өзге дүниемен айналысуына мүмкіндігі бола бермейді. Кейде  ата-аналары баласының тыныш әрі алаңсыз үйде  отырғанын тәуір көріп, компьютер мен теледидарды көруіне ешқандай шек қоймайды. Керісінше ойынның түрін әкеліп баланы қызықтыратындар бар. Бірақ, уақыт өте келе олар кішкентайларының компьютерге қалай тәуелді болып қалғанын аңғармайды. Ал  компьютерлік ойын кімге болса да қызық. Кейде үлкендердің өзі осы ойынның шырмауынан шыға алмай қалады. Психолог мамандардың айтуынша, балалар бұл ойындарға қызықса, оларды жуық арада тоқтату мүмкін емес екен.

                                                                                                                                                    Әлия НҰРБЕКҚЫЗЫ

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar