«Білім гранттарын тағайындау конкурсы жақын уақытта басталады. Ал оған дейін негізгі ҰБТ-2022 бойынша бейіндік пәндердің комбинациясы аясында жиналған ең жоғары және орташа балл туралы ақпаратқа назар аударыңыздар. Бұл мәліметті күткендеріңізді білеміз. Сондықтан ҰБТ қорытындысы белгілі болғаннан кейін бірден талдау жүргізуді бастадық» деп жазды мекеме Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, ұлттық тестілеу орталығы 2022 жылғы ҰБТ-ның бүкіл бейнежазбасын 31 желтоқсанға дейін қайтадан тексереді.
Сондай-ақ кеше Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері биыл ҰБТ қорытындысы бойынша қай мамандықтарда бәсеке жоғары болатынын айтқан еді.