USD480.55EUR533.75RUB5.36

Облыстың бір мектебінде үшем мектеп бітірді

28 мамыр 2024, 16:36
Семей қаласындағы №11 жалпы орта білім беретін мектеп үшін биылғы соңғы қоңырау ерекше болды, себебі түлектер арасында үшем мектеппен қоштасты.
Облыстың бір мектебінде үшем мектеп бітірді
Артықжан Гүлгүл, Жайна, Аңсаған есімді үшемдер 2013 жылы мектеп табалдырығын аттаған. Бірінші сыныптан бері бір сыныпта оқиды. Білім жағынан сыныпта алды болып, үшеуі бірдей мектептің барлық іс-шараларына белсене қатысып, ән айтады, би билейді.
Бір қызығы қыздардың таңдап отырған мамандықтары әр түрлі. Гүлгүл қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдап, болашақта мұғалім болғысы келсе, Жайна дизайнерлік мамандықты таңдап отыр, ал Аңсаған болашақта психолог болғысы келеді. Мектепте сүйіп оқитын пәндері: әдебиет және математика.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar